1 маусымда Астанада шомылу маусымы басталады

Жаз белсенді демалыс маусымы: балық, аң аулау, судың жанында табиғат аясында немесе жағажайда демалу. Суға кетумен байланысты қайғылы жағдайлардың басым бөлігі де жазда орын алады. Астана қаласы ТЖД Суда құтқару қызметінің хабарлауынша, жыл сайын Астанада 14-25 адам суға кетіп қайтыс болады, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер. Зардап шеккендердің жалпы санының 70-75% 30 жасқа дейінгілер, ал 20-30% балалар мен жасөспірімдер.
2014 жылы Астана қаласы аумағында 25 адам судан құтқарылды оның екеуі балалар, суға батып қаза болғандар саны 25 адамды құрады. Айта кетейік, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі мас күйде шомылудың, судағы өзін-өзі ұстау ережелерін білмеудің және сақтамаудың салдарынан орын алады. Суға батқандардың барлығы суға шомылуға арналған жерден бөлек жерде болған: 16 суға шомылуға арнламаған жерлерде, су құрылғыларынан өту кезінде 4 адам, 2 жағдай балалардың өлімі үлкендердің қарауынсыз қалғандар.
Ағымдағы жылы суға 5 адамның батып кету жағдайы тіркелді. 8-9 мамырда ер адам - 1987 ж.т. (суицид), 1989 ж.т және 1990 ж.т. (өткелді өту кезінде); қыз бала - 2005 ж.т. (ата-аналарымен демалу кезінде шұңқырға құлап кеткен); 15 мамырда - ұл бала 2006 ж.т. (үлкендердің қарауынсыз).
Шомылу кезеңі 1 маусымнан басталады.
Дені сау, шыныққан адамдардың қауіпсіз шомылуы үшін судың температурасы +18°С, ауа температурасы +22°С болу керек.
Астана қаласының ТЖД Суда құтқару қызметі ескертеді: қазір Есіл өзенінің үстіңгі қабаты ғана жылынған, оның өзі +15 С қана, судың астыңғы қабатының температурасы +5- +7 С қана. Салқын суға шомылудың, әсіресе сүңгудің салдарынан қан тамырлары жиырылып, бұлшық еттер қысқарады, нәтижесінде адам есінен танып, тынысы мен жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.