20:27, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
1 маусымнан бастап VII АЭФ-тің үздік тақырыбына байқау жарияланады - С.Нөгербеков
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап VIІ Астана экономикалық форумына үздік тақырыпқа байқау жарияланады. Бұл туралы елордада АЭФ пен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференцияның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков мәлім етті.

Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығында 2014 жылдың үшінші онкүндігінде өтетін келесі Астана экономикалық форумына үздік тақырып таңдауға арналған байқау жарияланады.
«Ұйымдастыру комитеті талқылағаннан кейін бір тақырып іріктеп алынады. Сонымен қатар мен 6-шы АЭФ аясында 73 ірі шараның өткендігін әрі олардың басым бөлігінде келесі Астана экономикалық форумфына тақырып таңдалынғандығын атап өткім келеді», - деді С.Нөгербеков.