1 млн адамға 0,021 ота: Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы қалай дамыған

донор
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында қайтыс болған адамның ағзасын трансплантацияға пайдалану мәселесі қалай дамып жатқанын сипаттады.

«Азға алмастыру, оның ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлық өмірлік маңызы зор ағзалары семіп бара жатқан науқастарды емдеудің жалғыз тиімді жолы болып есептеледі. Бүгінде елімізде ағза донорлығын құқық тұрғысынан реттеу мәселесі өзекті болып тұр», — делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ қайтыс болған адам ағзасын трансплантацияға пайдаланудың 2019 жылға дейінгі статистикасы қоса берілді.

«2019 жылға дейін жыл сайын өлімнен кейінгі ағза донорынан жасалған ағза алмастыру оталарының саны 86-ға дейін жетіп отырды. Әлемде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші бойынша АҚШ; Испания, Хорватия елдері көш басында тұр. ТМД елдерінің ішінде Беларусь тізімнің алдында. Бұл елдерде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші орта есеппен 1 млн адамға 31-ден келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық есебі бойынша, Қазақстанда бұл көрсеткіш — 0,021», — деп жазылған жауапта.

Соңғы жаңалықтар