1 млн теңге пара алған бөлім басшысы үш жылға сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бұрынғы басшысы жемқорлық әрекеттері үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оған пара алды деген айып тағылып, үш жылға бас бостандығы шектелген.

«Бөлім басшысы былтыр маусым айында науқас балаларға арналған дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде серіктестіктердің бірінен келісім-шарт сомасының 10 %-ін талап еткен. Егер сатып алушы бұл шартқа келіспесе, істің насырға шабатынын айтып қорқытқан. Амалы қалмаған серіктестік құрылтайшысы 1 миллион теңге көлемінде ақша аударған», - делінген хабарламада.

Пара алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескеріп, сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ.


Соңғы жаңалықтар