1 млн теңге пара алған ОҚО МКД бас маманы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Е. Көкебаевты ұстады, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

1 млн теңге пара алған ОҚО МКД бас маманы ұсталды

Е. Көкебаев өзінің қызметтік бабын пайдаланып, өзінің қаржылық жағдайын жақсартуды көздеп, жеке тұлғадан салық төлеушінің нақты табысы мен нақты шығынын анықтау бойынша хронометражды тексеру қорытындысы бойынша оң қорытынды бергені үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған.

Қазіргі уақытта Е. Көкебаев Шымкенттің ІІБ УҰИ-ға қамалды.

Соталды тергеу жүргізілуде.

null