1 наурызда еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтары антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстігі мен шығысы арқылы ауаның фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар, жаяу бұрқасын болады деп күтіледі. Кей өңірлерде тұман, шаңды дауыл, жел болады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

1 наурызда еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады - Қазгидромет

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Маңғыстау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.