1 наурызда Қазақстан халқының саны 16 млн. 718 мың адамға жетті

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 16 млн. 718 мың адамға жетті.

1 наурызда Қазақстан халқының саны 16 млн. 718 мың адамға жетті

Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Оның ішінде қала халқы 9 млн. 141 мың адамды немесе 54,7 пайызды, ал ауыл тұрғындары 7 млн. 577 мың адамды құрады»,-деді агенттік басшысы.

Төрағаның сөзіне қарағанда, жыл басымен салыстырғанда халық саны 43 мың адамға немесе 0,3 пайызға артты. Оның ішінде 40 мың адам табиғи өсімнің негізінде және 3 мыңы көші-қон есебінен қосылды.

«Қаңтар-ақпанда 55 900 баланың туылғаны тіркелді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,1  пайызға артық. Ал осы аралықта 25,6 мың адам қайтыс болды. Бұл өз кезегінде былтырғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,1 пайызға төмен», - деді Ә. Смайылов.