1 сәуірде ел аумағында ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында солтүстік-батыстан жылжыған циклон әлі де өз әсерін тигізеді,, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірде ел аумағында ауа райы қандай болады

Қазгидромет мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте - жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, өңірдің солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, түнде солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы -15-20 м/с.

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде, батысында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.