1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірде Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Оңтүстік өңірде кей жерлерде нөсер жауын жауады, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с-ға күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. түнде көктайғақ болып, кей жерлерде желдің күші 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с-ға жетеді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күтіледі.