1 сәуірден бастап электр энергиясының құнын арзандатудың екінші кезеңі басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясы құнын төмендетудің 2-кезеңі басталғанын хабарлады Электр энергиясы құнын төмендетудің 1-кезеңі ағымдағы жылғы 7 наурызда жүргізілді.

1 сәуірден бастап электр энергиясының құнын арзандатудың екінші кезеңі басталады

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның электр энергиясының құнын 8,80-ден бастап 8,65 теңге/кВт.сағ. дейін төмендетуіне байланысты, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық департаменттері энергия беруші ұйымдарының тарифтерін және электр энергиясының түпкілікті құнын төмендету жұмысын жүргізді.

Сонымен, «KEGOC» АҚ-ның электр энергиясын беруге арналған тарифі 1,954-тен 1,943 теңге/кВт.сағ. дейін немесе 0,011 теңге/кВт.сағатқа төмендеді.

Өңірлік электр желілік компанияларының электр энергиясын беру тарифтері:

- Қостанай облысында («Межрегионэнерготранзит» ЖШС) - 1,736-дан 1,734 теңге/кВт.сағ. дейін немесе 0,002 теңге/кВт.сағатқа.;

- Ақмола облысында («Көкшетау Энерго» ЖШС) - 5,81-ден 5,77 теңге/кВт.сағ. дейін немесе 0,04 теңге/кВт.сағатқа төмендеді.

Осылайша, электр энергиясының түпкілікті құны төмендетілді, тұтастай алғанда баға «көрінісі» мынадай:

жабдықтаушы ұйымдардың атауы

Қызмет көрсетілетін аумақ

Қолданыстағы орташа босату бағасы, теңге/ кВт.сағ

2015 жылғы 1 сәуірден бастап орташа босату бағасы, теңге/ кВт.сағ.

Төмендеу , те ң ге

1.

"АстанаЭнергоСбыт" ЖШС

Астана қ.

13,86

13,76

0,10

2.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС

Алматы қ.

15,55

15,51

0,04

3.

"КөкшетауЭнергоЦентр" ЖШС

Ақмола облысы

16,76

16,61

0,15

"АРЭК-Энергосбыт" ЖШС

16,20

16,03

0,17

4.

"ЖетісуЭнергоТрейд"ЖШС

Алматы облысы

16,30

16,21

0,09

5.

"Ақтөбеэнергоснаб" ЖШС

Ақтөбе облысы

14,25

14,21

0,04

6

"Шығысэнерготрейд" ЖШС

Шығыс Қазақстан облысы

10,54

10,53

0,01

7

"ЖамбылЖарықСауда-2030" ЖШС

Жамбыл облысы

16,10

16,02

0,08

8

"Қостанай ЭнергоЦентр"

Қостанай облысы

17,52

17,32

0,20

9

"Энергосервис" ЖШСЕ

Қызылорда облысы

14,42

14,33

0,09

10

"Солтүстік Энерго Орталық" ЖШС

Солтүстік Қазақстан облысы

17,38

17,18

0,20

"Севказэнергосбыт" ЖШС

12,34

12,30

0,04

11

"Оңтүстік Жарық" ЖШС

Оңтүстік Қазақстан облысы

16,48

16,35

0,13