1 сәуірден бастап елордадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1-3 сәуір аралығында Ш. Бейсекова көшесінің бойымен Қорғалжын тас жолынан С. Сейфуллин көшесіне дейінгі аралықтағы жол учаскесі су тасқынын болдырмау шараларына байланысты көліктің барлық түрі үшін жабылады.
Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.