1 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 1 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.  

1 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

9.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Астананың ботаникалық бағын құру және дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Достық үйіне» барады.

11.30-да Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен «Жетісу» саябағының ашылуы өтеді.

12.00-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық домбыра күніне арналған концерт өтеді.

18.00-де «Қазақстан» концерт залында XIV халықаралық Еуразия кинофестивалінің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Панфилов, Жібек Жолы көшелерінде және Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейінде Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ, 11.00-де Алматы қаласының барлық перзентханаларында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлттық Домбыра Күніне арналған акция өткізеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

1 шілде күні Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында Ұлттық домбыра күніне арналған іс-шара өтеді. Атап айтқанда, 1000 домбырашы бірігіп күй ойнайды және фестиваль «Сүгір» халық аспаптар оркестрінің концертіне ұласады.

Сондай-ақ, күйшілер арасында «Күй құдіреті» облыстық байқауы өтіп, суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады.

ШЫМКЕНТ

Қалалық дендропаркте Домбыра күніне арналған іс-шаралар - флешмоб, фольклорлық музыкалық аспаптар көрмесі, домбыра жасаудан шеберлік сыныптары, концерт өтеді. Бұдан басқа, қалалық кітапханаларда тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.