1 шілдеде интернет-сауда саласында жаңа жоба іске қосылады
«Биыл 1 шілдеден бастап интернет-сауда саласында пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның аясында интернет-сауда алаңдары сатылымдары туралы деректерді біздің комитетке, ал біз барлық интернет алаңдардан деректерді жинап, оны банктерге жібереміз. Алынған деректер негізінде банктер ай сайынғы салық сомасын есептеп, клиенттерге пуш-хабарлама жібереді», - деді Данияр Жанәлінов ОКҚ-де өткен брифингіде.
Сондай-ақ комитет басшысының мәліметінше, салық кезеңінің қорытындысы бойынша интернет саудамен айналысушылар салық декларациясын толтырады.
«Бұл, алдымен, салық кезеңінде оны бөліп төлеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, салық есебін тапсыру процесін жеңілдетеді. Бүгінде елімізде 80 мыңнан астам кәсіпкер тауарларын интернет алаңдар арқылы сатады. Айта кететін жайт, аталған пилоттық жобаларға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады», - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.
Бұған дейін Д. Жанәлінов еліміздегі такси қызметіне қатысты мәліметтермен бөліскен еді.