22:21, 11 Шілде 2013 | GMT +5
1 шілдедегі жағдай бойынша 328 926 тіркелген заңды тұлғалар бар - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 328 926-ны құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,9 пайызға артты. Оның ішінде 312153-і - 50 адамнан кем қызметкерлері бар мекемелер. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
- Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 178 463-ке жетіп, оның ішінде 162 537-сі - шағын кәсіпорындар. Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 239931 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,9 пайызға артты.