1 шілдеден бастап мотоцикл дулығасын дұрыс кимегені үшін айыппұл салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеден бастап Вьетнам жолдарында мотоцикл дулығасын дұрыс кимегені үшін айыппұл енгізіледі. Жол полициясы қызметкерлері белгіленген үлгіге сай келмейтін және қозғалыс кезінде жүргізушінің басынан дулығаны жұлып алуға мүмкіндік бермейтін бауы болмай қалған бас киімдер үшін айыппұл төленетінін түсіндірді.

1 шілдеден бастап мотоцикл дулығасын дұрыс кимегені үшін айыппұл салынады

Бұл талапты бұзған жүргізушілерге айыппұл салынып, уақытша мотоциклінен айырады. Айыппұл құны 200 мың вьетнамдық донг (10 долларға жуық). Айта кетейік, вьетнамдықтардың айлық жалақысы шамамен 2 млн. донгты құрайды.

Полицейлердің айтуынша, бұл айыппұлдың жаңа түрі адамдардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көңіл бөлуі мақсатында енгізілді. Жол-көлік оқиғасынан көбінесе вьетнамдықтардың ең көп жүргізетін көлігіне айналған мотоциклдердің иелері ұшырайды.