1 шілдеден бастап Өзенмұнайгаз бен Ембімұнайгаз дербес жұмысын бастайды - Ләззат Қиынов

ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» басшысы 1 шілдеден бастап, холдингінің құрылымдық бөлімшелері - Өзенмұнайгаз бен Ембімұнайгаз дербес заңды тұлға ретінде жұмысын бастайтынын мәлімдеді.
- Осылайша бұл мұнай компанияларының жұмысшылары барлық өз мәселелерін өздігінен шеше алатын болады. Бұл әлеуметтік саланы дамытуға және өндірістің тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Біз компанияның өндірістік қызметі жүзеге асыратын, елді мекендерді дамытудың әлеуметтік қырларына ерекше көңіл бөлеміз. Соңғы уақытта біздің тарапымыздан Жаңаөзен мен Қаражанбаста екі мың адам жұмысқа орналастырылды, - деді Л.Қиынов.
2011 жылы шоғырландырылған мұнай мен газ конденсатын өндіру 21,1 миллион тоннаны құрады. 2012 жылы 21,9 миллион тонна өндіру жоспарланған.
Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының алдына бірқатар міндет қойып, нақты тапсырма берді.