1 шілдеден елімізде ішімдік қымбаттайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 шілдеден елімізде ішімдік қымбаттайды

Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.

Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.

– коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.

Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:

– арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;

– коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.

Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.


валюта
Ұқсас жаңалықтар

Апта басында доллар бағамы қандай