1 шілдеге дейін елордада 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мембағдарламасы 2 кезеңінің нысандары салынып бітеді

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - 1 шілдеге дейін елордада 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы 2-ші кезеңінің нысандары салынып бітеді.
None
None

 Бұл туралы «Инфо-ЦЕС» газеті ұйымдастырған «тікелей желі» барысында Астана қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы Серік Оспанов мәлім  етті.

«1 шілдеге дейін барлық нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта біз төлем қабілеттілігін қуаттау үшін Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкіне жіберудеміз. Банк өтінімдерді 1-2 ай қарайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, үйлер тапсырылғаннан кейін құжаттар рәсімделіп, бюджетке ақша түседі. Жалпы адамдар күзге дейін баспаналарына қоныстанатын болады.

Соңғы жаңалықтар