1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар аукцион арқылы 100 участок сатып ала алады - Е.Досаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар аукцион арқылы 100 участок сатып ала алады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар аукцион арқылы 100 участок сатып ала алады - Е.Досаев

«2015 жылғы желтоқсанда жаңа ресурстық база құру аясында оңайлатылған тәсіл бойынша аукциондар арқылы 38 учаске өткізілді және ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін сауда-саттыққа тағы да 100 учаске шығарылады», - деді министр.
Сонымен қатар, Е.Досаев австралиялық тәсілмен жер қойнауын пайдалануға 10 үлгілік келісімшарт жасалғанын атап өтті.