«1 студия» ток-шоуына министрлерді шақыруды жоспарлап отырмыз - Берік Уәли

АСТАНА. ҚазАқпарат - «1 студия» қоғамдық-саяси ток-шоуы эфиріне еліміздегі ведомстволардың басшылары шақырылады. Бұл туралы аталған ток-шоудың жүргізушісі, танымал тележурналист Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 студия» ток-шоуына министрлерді шақыруды жоспарлап отырмыз - Берік Уәли

«Алдағы уақытта қоғамдық-саяси ток-шоуға министрлерді шақыруды жоспарлап отырмыз. Осы жолы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек қатысты. Атап айтқанда, бұл қызу пікірсайысты жексенбі күні сағат 20:00-де тамашалай аласыздар. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, сұрақтарға жауап берді»,-деп атап өтті Берік Уәли.
null

Айта кетейік, ток-шоуға спикерлер ретінді сонымен қатар Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов, экномист-сарапшы Найля Әлмұхамедова, экономикалық шолушы Ерболат Мұхамеджан қатысты.

«Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде ел өңіріндегі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын көбірек көрсету керектігін айтқан болатын. Сондықтан Жеңіс Махмұдұлын арнайы шақырдық, өз кезегінде министр мырза бірден келісті»,-деді тележурналист.
null

Б.Уәлидің «1 студия» қоғамдық-саяси ток-шоуы биылғы сәуірден бастап эфирге шығуда. Хабардың мақсаты - еліміздегі ең өзекті деген саяси тақырыптарды қамту.