1 тамыз күні Қазақстанда шаң көтеріліп, дауыл тұрады деп күтілуде - ауа райы болжамы
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 1 тамызда ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтілуде, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Алматы, Жамбыл облыстарында, Оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығысы және шығысының таулы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі ықтимал. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.