1 тамызда «Сиань-Алматы» достық велошеруі басталады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Сиань-Алматы» достық велошеруі 1 тамызда Сиань қаласында басталады. Бұл қала ежелде Чанъань деп аталған және Ұлы Жібек жолының бастапқы нүктесі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
ҚХР аумағы бойынша көне Жібек жолы бағытымен веложарысқа Қытайдан 30 велосипедші қатысады. Ал Қазақстан аумағында оларға отандық спортшылар қосылады.
«Сиань-Алматы» достық велошеруіне қатысушылар 4 мың шақырым қашықтықты еңсереді. Велотур Алматыда 2023 жылдың 7 қыркүйегінде аяқталады.
Шара Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы достықты нығайтуға, ҚР мен ҚХР арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына және екіжақты ынтымақтастық тарихының сапалы жаңа кезеңге өтуіне арналған, сондай-ақ салауатты өмір салты мен велосипед спортын насихаттауды көздейді.