1 тамыздан бастап шетелдік тасымалдаушылардың Өзбекстанға рұқсатсыз кіруіне тыйым салынады

ТАШКЕНТ. 9 шілде. ҚазАқпарат - 1 тамыздан бастап шетелдік тасымалдаушылардың Өзбекстан аумағына тиісті рұқсатынсыз кіруіне тыйым салынады,

1 тамыздан бастап шетелдік тасымалдаушылардың Өзбекстанға рұқсатсыз кіруіне тыйым салынады

деп хабарлайды өзбекстандық БАҚ.

 Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ташкенттегі дипломатиялық өкілдіктерге Өзбекстанға халықаралық тасымалдаулар тәртібінің түсіндіру нотасын жіберді.

 Түсіндіруге сәйкес, 2012 жылдың 1 тамызына дейін Өзбекстан Республикасының аумағы бойынша көлік тасымалдаушылардың кіруі және транзиті кірудің ақылы кестесі бойынша жүзеге асырылады, ал 1 тамыздан бастап шетелдік тасымалдаушылардың Өзбекстан аумағына тиісті рұқсатынсыз кіруіне тыйым салынады.

 Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның Өзбекстанмен «Тәжен» шекара бекетінде ағымдағы жылдың маусымында ӨР-ғы халықаралық тасымалдаулар ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес, шекарадан өте алмай, 200-ден артық көлік жиналып қалған болатын.