1 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші 20 тәулікке қамалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 1 жасар бала мен ер адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Қазір Бостандық ауданы полиция қызметкерлері екі адамды қағып кеткен мас жүргізушіге қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қазір осы іске байланысты сот-медициналық, тағы да басқа сараптамалар тағайындалды.

Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші мас болған. Мас күйінде көлік тізгіндегені үшін ол 8 жылға көлік жүргізу куәлігінен айрылды.

Одан бөлек, Алматы ауданаралық сотының шешімімен автокөлік иесі 20 тәулікке қамалды. Бұл - тек мас күйінде көлік басқарғаны үшін тағайындалған жаза.

Оқыс оқиға бүгін Вахтангов 2А көшесінде болған еді. Мас жүргізуші ер адам мен 1 жастағы баланы қағып, қашып кеткен.