1 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚАзгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 01 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 желтоқсан. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

Республиканың басым бөлігінде ауа райы Оңтүстік циклонымен анықталады, оның ықпалымен қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады, тек батысында және шеткі солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.