1 желтоқсан күні Ақтауда 2017 жылғы ұрпаққа арналған капсула ашылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар аясында Ақтауда осыдан 50 жыл бұрын жер астына қалдырылған «уақыт капсуласын» шығару салтанаты өтеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжазира Алдашева хабарлады. Оның айтуынша, қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін арнайы ұйымдастыру комитеті құрылды.
None
None

«Уақыт капсуласын» Маңғышлақты алғаш ашқандар 1967 жылдың 7 қарашасы күні «2017 жылғы ұрпақтар үшін» деп жазып орнатқан. 

«Салтанатты шарада келеңсіз жағдай болмас үшін жерде ұзақ уақыт жатқан капсула ашу үшін алдын ала дайындалады. Бұған мұқият әзірлену қажет», - деп түсіндірді Гүлжазира Алдашева.

Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының айтуынша, Маңғышлақты алғаш ашқандардың  жолдауы кейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады. 

Соңғы жаңалықтар