1 желтоқсанда барлық жаңа туған астаналық сәбилер естелік сыйлықтар алады
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 1 желтоқсанында дүние есігін ашқан барлық астаналық сәбилер Тұңғыш Президент күні мерекелік жазуы бар балалар комбинезонын сыйлыққа алады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
«Бұл - олар өмір бойы сақтап қоятын шын мәніндегі естелік сыйлық болады. Біздің қазақта сәбидің ең тұңғыш киімін сақтап қоятын дәстүр бар емес пе?!», - деді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Гүлнар Төлегенова.
Сондай-ақ, ол комбинезонға ақын Марина Цветаеваның өлеңі жазылған мерекелік ашықхат та қоса берілетінін айтты.