10-12 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын болып, жылбысқы қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан оңтүстігінде 10-12 наурызда жауын-шашынды болып, жылбысқы қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Ауқымды антициклон Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс облыстарының ауа райына ықпалын жалғастыруда. Осыған байланысы осы аудандарда ауа райы аязды және жауын-шашынсыз болады. 12 наурызда антициклонның Сібірдің оңтүстігіне өтуіне орай температура көтеріледі. Ал батыс жақтарда үш тәулік ішінде кей жерлер жауын-шашынды болып, тұман, көктайғақ орын алады. Қазақстанның оңтүстік облыстарында батыс циклонына байланысты жылы атмосфералық ағын араласады. Сондықтан бұл жерде де жауын жауып, таулы жерлерде жылбысқы қар жауады», - делінген хабарламада.