10-18 шілде аралығында Алматыда телеарналар мен радиостансалар эфирі уақытша тоқтатылады

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 10-18 шілде аралығында эфир желілеріндегі барлық телеарналар мен радиостансалардың жұмысы тоқтайды деп күтілуде.

10-18 шілде аралығында  Алматыда телеарналар мен радиостансалар эфирі уақытша тоқтатылады

Хабар таратудың тоқтауы эфирлік желілердің жаңашаландырылуымен және арналардың сандық форматқа өтуімен байланысты. Алайда эфирлік желілердің өшірілетініне қарамастан, барлық теле және радиостансалар кабельдік желілер арқылы таратылады.

Айта кетейік, Қазақстанның ең ірі қаласындағы эфир желілері арқылы 14 телеарна мен 12 радиостанса өз хабарларын таратып отыр, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.