13:16, 03 Маусым 2009 | GMT +5
10,7 млрд. теңге экономикалық залалдың алды алынды ? ҰҚК
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жыл басынан бері жалпы құны 10,7 млрд. теңге экономикалық залалдың алдын алды.
Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг барысында ҚР ҰҚК-нің БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасының бастығы Ислам Бекішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Экономикалық және экологиялық зиян тигізіп келген деректер бойынша бюджетке 12,7 млрд. теңге қайтарылды. Аталмыш сомадан бөлек ел қазынасына айыппұлдар мен салымдар түрінде тағы 503 млн. теңге алынды», деді Ислам Бекішев.