10 756 түлек ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинады - 9 күннің қорытындысы
АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - 9 күннің қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге 117 431 немесе түлектердің 97 пайызы қатысты, деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, бірнеше мәрте заң бұзған 101 түлек тесті тапсырудан шеттетілген. Ең жоғары нәтижені Астана қаласынан Әсел Қисықова, Алматы қаласынан Кирилл Ким және Алматы облысының Қарасай ауданынан Әсем Айдарова жинаған.
9 күннің қорытындысы бойынша 10 756 түлек 100-ден жоғары балл жинаған.
Еске салайық, Қазақстанда ҰБТ 1-15 маусым аралығында өтеді. Түлектерден емтиханды қабылдау үшін арнайы 154 пункт жабдықталды. 107 пункт аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында орналасты, ал қалған 47-сі облыс орталықтары мен Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталды.