10 ақпан күнгі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстігінде таулы аймақтарда қар қатты жауатыны күтілуде. Қазақстанның тек батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-22 м/с екпінде жел соғады. Жамбыл облысында түнде және таңертең желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында тұман, бұрқасын болжанады, жел 25 м/с артады.
Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасын күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарының кей жерлерін тұман басады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасын болжанады.