10 ақпан күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 ақпан күні фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың тауларында қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

10 ақпан күні республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің күші 15-20 м/с болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіліп, желдің күші 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.