Елімізде «Apple», «ZEPTER», «Louis Vuitton» брендтері заңсыз пайдаланылған

АСТАНА. KAZINFORM –Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында Қазақстанда қандай әлемдік брендтердің тауар белгісі заңсыз пайдаланылғанын айтты.

Талғат Уәли
Фото: Әділет министрлігінен

«Азаматтық айналымнан алынған контрафактілік өнімдердің тізімі ауқымды. Олардың қатарына тұрмыстық заттар, киім-кешек, тұрмыстық химия, автокөліктердің қосалқы бөлшектері, гаджеттер, сондай-ақ балалар ойыншықтары мен тағамдары кіреді», - дейді ресми өкіл.

Оның мәліметі бойынша, осы мәселен әділет органдарына жүгінген шетелдік компаниялардың саны оннан асады.

«Әділет органдары бүгінге дейін «TOYOTA», «Kit Kat» және «Nesquik», «Procter&Gamble», «Henkel AG & Co. KgaA», «Chanell», «Apple», «ZEPTER», «Levi`s», «Louis Vuitton», «LEGO», «PUMA», «TOYOTA/LEXUS», «Наурыз», «Ассам», «Prachka», «Almacom», «Hugo Boss» сияқты сауда белгілері иелерінің құқықтарын қорғап қалды», - деді Талғат Уәли.