10 ай қорытындысында ҚР-дың ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысына сәйкес, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 4 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

10 ай қорытындысында ҚР-дың ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады

Оның атап өтуінше, Үкіметтің ағымдағы жылдың қорытындысында ЖІӨ өсімін 4,3 пайыз көлемінде қамту жоспарына қол жеткізуге болады. Ол үшін мұнай өндіру жоспарын толығымен орындау қажет.

«Қазіргі уақытта 10 айдың қорытындысына сәйкес мұнай өндіруде жоспардан біршама кейін қалу байқалуда. Бұған қоса, менің білуімше, сәйкесінше салалық министрліктер жыл соңына дейін өздерінің жылдық жоспарларының орындалатындығына уәде беруде. Яғни, егер олар өз жоспарларын орындайтын болса, онда өсімнің 4,3 пайызды құрауы шынайы болмақ», - деді комитет төрағасы.