10-қабаттан құлаған баланы құтқарған астаналық марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов 10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы құтқарған Астана тұрғыны Артем Каревты марапаттады. Бейбіт күннің батыры атанған жас жігітке 500 мың теңгенің сертификаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10-қабаттан құлаған баланы құтқарған астаналық марапатталды

«Кеше Сіздің ерлігіңізді естіп, қатты қуанып қалдық. Жап-жас астаналықтың өмірін сақтап қалдыңыз. Біздің әкімдіктің атынан, бүкіл халықтың атынан сізге үлкен алғыс айтқымыз келеді. Әлбетте, біздің құрметтен жоғары ерлік жасадыңыз. Сізге көп рахмет», - деді қала әкімі.

Өз кезегінде Артем Карев бұл құрметке алғысын айтты.

Еске сала кетсек, кеше Астана тұрғыны Артем Карев 10-қабаттан құлаған 7 жасар баланы құтқарып қалған болатын. Оқиға Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде, 24 қыркүйекте болған.

«Таңғы 10:16-да Жеңіс даңғылындағы 28-үйде жас баланың 10-қабаттан құлау қаупі туралы хабар келіп түсті. 10:22-де оқиға орнына Астананың №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеткен және олар келгенше 9-қабаттағы тұрғын баланы құтқарып үлгерген», - деп хабарлаған еді ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

24 сентября, Астана, Победа-Джангильдина. С балкона 10-го этажа чуть было не сорвался ребенок. Благо в последнюю секунду его удалось поймать жителю из нижней квартиры. Как ребенок оказался в такой ситуации пока неизвестно.

Публикация от Astanovka 98 (@astanovka98) 24 Сен 2018 в 11:54 PDT