10 қаңтар. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

nullЕСІМДЕР

104 жыл бұрын (1915-1983) қазақтың талантты жазушысы, әйгілі «Көшпенділер» трилогиясының авторы Ілияс Есенберлин дүниеге келген.

Ақмола облысында туған. Қазақ тау-кен институтын бітірген, инженер (1940).

Еңбек жолы: Жезқазған рудниктерінде инженер, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушысы; 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы; 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры; 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор; 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы; 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы; 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі; 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасының директоры; 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.

Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, "Адамгершілік туралы жыр" өлеңдер жинағы (1949), "Біржан сал трагедиясы" (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. "Өзен жағасында" (1960), "Толқиды Есіл" (1965), орыс тілінде жазылған "Адам туралы ән" (1957) атты повестері жарық көрді. "Айқас" (1966), "Қатерлі өткел" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Қаһар" (1969), "Алмас қылыш" (1971), "Алтын құс" (1972), "Жанталас" (1973), тың туралы "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974) романдары, "Көшпенділер" трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), "Махаббат мейрамы", "Алыстағы аралдар" (1983), "Аққу құстың қуанышы" (1984) романдары, шығармаларының он томдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.

91 жыл бұрын (1928-2010) дирижер, Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі, Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фуат Шәкірұлы МАНСҰРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы, Мәскеу консерваторияларын бітірген. Қазақ академиялық опера және балет театрының, Қазақ радиосы симфониялық оркестрінің дирижері болған. 1958 жылдан Қазақ симфониялық оркестрінің, Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері болып, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан - Сара», А.Жұбанов пен С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», т.б. опералық спектакльдерге жетекшілік еткен. 1968 жылдан Татардың опера және балет театрында, Мәскеудегі Үлкен театрда, Қазан филармониясы мемлекеттік симфониялық оркестрінде бас дирижер әрі көркемдік жетекші қызметін атқарған.

«Достық», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, тәуелсіз қазақстандық БАҚ-тың негізін қалаушылардың бірі, «Мегаполис», «Бизнес и власть» газеттерінің, «31 арна» ТРК негізін қалаушы, «Forbes Kazakhstan» журналының баспагері, «Таң» медиа-холдингінің президенті, «United Media Group» компаниясының басшысы, кәсіби тележурналист Арманжан Мерекеұлы БАЙТАСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты. 1989 жылдан бастап «Азия дауысы» фестивальдар мен байқаулар бөлімінің бас редакторы, 1991-1992 жылдары - «Мұрагер» шығармашылық бірлестігі бас редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары - Қазақ теледидары жастар редакциясының редакторы. 1992 жылдан бастап - «31 арна» Медиахолдингінің Президенті. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық телерадиохабарлар қауымдастығының президенті. 2001 жылдан бастап Қазақстанның Журналистика Академиясының мүшесі. 2007-2008 жылдары - «Таң Медиа» директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2009 жылдары - «Нұр-Медиа» холдингісінің бас директоры. 2009 жылғы наурыздан - "Рауан Медиа Групп" директорлар кеңесінің төрағасы. 2010 жылдан - "ТАҢ" ТРК директорлар кеңесінің төрағасы, «Icon» ЖШС президенті. 2011 жылғы қыркүйектен - «UMG», компаниясының басшысы, «Forbes Kazakhstan» басылымынап лицензия алды. Қазіргі қызметінде - 2011 жылдан бері.

42 жыл бұрын (1977) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Дайыр Әділбекұлы КӨШЕРОВ дүниеге келді.

Шевченко қаласында туған. Индиана Университетін (Блумингтон қаласы, АҚШ), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, «Сертификатталған қаржы талдамашысы» бағдарламасынан өткен.

1998-2000 жылдары - «Ақ ниет» кәсіпорны бас бухгалтерінің орынбасары, ішкі аудит департаментінің директоры. 2000-2005 жылдары «ABN AMRO Asset Management» ЖАҚ бас бухгалтерінің орынбасары, тәуекел менеджері, бөлім бастығы, портфельдік менеджер, бас портфельдік менеджер. 2005-2006 жылдары - «Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры. 2006-2008 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры. 2008 жылғы наурыз-қыркүйек айларында - «ҚазТрансГаз» АҚ қаржы директоры. 2008-2012 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2012-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қарашасынан.

39 жыл бұрын (1980) Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Сейілханұлы АРЫН дүниеге келген.

Ол Қызылорда қаласында туған. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын (2001); «Қайнар» университетін (2004); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2008) бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Арқалық қаласындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001-2002 жылдары С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті кафедрасының ассистенті, 2002-2003 жылдары ҚР Президент мәдениет орталығының ғылыми қызметкері, 2003-2005 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің бас маманы, 2005-2008 жылдары сенатор К.Ахметовтың көмекшісі, 2008 жылдары Астана қаласы ішкі саясат басқармасы департамент директорының орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма басшысы - аппарат басшысының көмекшісі, 2008-2015 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ аппарат басшысы, басқарушы директоры болған.

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың қыркүйегінен.

37 жыл бұрын (1982) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚҚСҒЗЖИ) бас директоры Бегман Бақытұлы КӨЛБАЕВ дүниеге келді.

Ол «Болашақ» университетін «құрылысшы» мамандығымен, Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығымен, «Болашақ» университетін «есеп және аудит» мамандығымен тәмамдаған.

2003-2004 жылдары Қызылорда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы, 2004-2009 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппаратының жетекші маманы, бөлім басшысы, 2009-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2011-2012 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппарат басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған. 2013- 2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде еңбек еткен. 2015-2017 жылдары «ҚҚСҒЗЖИ» АҚ бас инженері болған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың қыркүйегінен.

Соңғы жаңалықтар