10 қаңтар. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 10 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Календарь
Фото: Kazinform

55 жыл бұрын (1969) Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Рүстем Ілиянұлы ЖАНСЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы Киров ауданында туған. Талдықорған заң институтын бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1989-1990 жылдары Үштөбе электр желісінің электр монтері, 1990-1991 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық сотының курьері, 1991-1997 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық сотының уақытша сот атқарушысы, 1999-2000 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот шешімдерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сот орындаушысы қызметін атқарды. 2000 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот шешімдерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің кадр жұмысы бөлімінде бас маман, 2000-2001 жылдары ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Түрксіб ауданы аға сот орындаушысының міндетін атқарушы, 2001 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша аға сот орындаушысының міндетін атқарушы, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің соттар әкімшісі қызметінде болды. 2001-2003 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің Алматы қалалық соттары әкімшісінің орынбасары, 2003-2008 жылдары Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы, 2008-2013 жылдары Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы, 2013-2016 жылдары Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының төрағасы, 2016-2021 жылдары Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып қызмет атқарды.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың желтоқсанынан бастап.

 Арманжан Мерекеұлы БАЙТАСОВ
Фото: Андрей Лунин

54 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, «Мегаполис» және «Бизнес и власть» газеттерінің негізін қалаушы, «31 арна» ТРК негізін қалаушы, Forbes Kazakhstan жетекші іскер басылымының шығарушысы, «Таң» медиахолдингінің президенті, United Media Group компаниясының жетекшісі, Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшесі, қазақстандық Young Presidents Organization мүшесі Арманжан Мерекеұлы БАЙТАСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен бітірген.

1989 жылдан бастап «Азия дауысы» фестивальдар мен байқаулар бөлімінің бас редакторы, 1991-1992 жылдары - «Мұрагер» шығармашылық бірлестігі бас редакторының орынбасары, 1990-1991 жылдары - Қазақ теледидары жастар редакциясының редакторы, 1992-2000 жылдары - «31 арна» Медиахолдингінің Президенті қызметін атқарды. 2000-2003 жылдары – ҚР Ұлттық телерадиохабарлар қауымдастығының президенті. 2001 жылдан бастап Қазақстанның Журналистика Академиясының мүшесі. 2007-2008 жылдары «Таң Медиа» директорлар кеңесінің төрағасы, 2008-2009 жылдары «Нұр-Медиа» холдингісінің бас директоры, 2009-2010 жылдары «Рауан Медиа Групп» директорлар кеңесінің төрағасы, 2010 жылдан - «ТАҢ» ТРК директорлар кеңесінің төрағасы, «Icon» ЖШС президенті болды. 2011 жылғы қыркүйектен - «UMG», компаниясының басшысы, «Forbes Kazakhstan» басылымына лицензия алды.

Арман Ілиясұлы БЕКБОСЫНОВ
Фото: gov.kz

51 жыл бұрын (1973) Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Арман Ілиясұлы БЕКБОСЫНОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Зайсан қаласында дүниеге келді.

1995 жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтын (автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы, инженер-құрылысшы), 2014 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (экономика, экономика және бизнес магистрі) бітірген.

Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысында , Өскемен қаласында автомобиль жолдары қазыналық кәсіпорнының I санатты инженері, 2000 жылы Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасында жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы, 2001 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті ,Автомобиль жолдары желісін дамыту басқармасы, автомобиль жолдары желісін жамыту және жол қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы, 2002 жылы ҚР Көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары комитетінің пайдалану және дамыту басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2003-2004 жылдары ҚР Көлік және коммуникация Министрлігі автомобиль жолдары комитетінің ғылым және нормативтер басқармасының басшысы, 2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, Көлік инфрақұрылымдық дамыту комитеті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және техникалық саясат басқармасының басшысы, 2005-2006 жылдары «Казақдорстрой» ЖШС директордың өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2007-2008 жылдары Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Атырау облыстық басқарма басшысының орынбасары, 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Атырау облыстық департаменті директорының орынбасары, 2008-2009 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Стратегиялық жоспарлау және көлік-коммуникация кешенін дамыту департаменті автомобиль жолдарын дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2010-2013 жылдары ШҚО Катон-Қарағай ауданындағы Үлкен-Нарын ауылының әкімі, 2013-2014 жылдары «Ертіс» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма басшысы, 2014-2016 жылдары ШҚО Глубокое ауданындағы Глубокое ауылының әкімі, 2017-2020 жылдары «Теміржол жөндеу» ЖШС автомобиль жолдарын салу дивизионының директоры қызметінде болды.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың наурыз айынан бастап атқарып келеді.

Дайыр Әділбекұлы КӨШЕРОВ
Фото: rail-news.kz

47 жыл бұрын (1977) «Қазақстан темір жолы» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры Дайыр Әділбекұлы КӨШЕРОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысында дүниеге келген. 1998 жылы Индиана университеті (Блумингтон қ., АҚШ) «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Мұнайбизнес» мамандығы бойынша бітірген.

1998-2000 жылдары «Ақ ниет» зейнет активтерін басқару жөніндегі компманиясы бас бухгалтерінің орынбасары, ішкі аудит департаментінің директоры, 2000-2005 жылдары «ABN AMRO Asset Management» ЗАБК ЖАҚ портфельдік менеджері, бас портфелдік менеджері, брокерлік-дилерлік бөлімінің бастығы, тәуекел-менеджері, бас бухгалтердің орынбасары, 2005-2006 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры, 2006-2008 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, 2008 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ қаржы директоры, 2008-2012 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, 2012-2018 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдан бастап атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2017), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен (2016) марапатталған.

Бекболат Жұматайұлы ҚОЛЫМБАЕВ
Фото: avestnik.kz

44 жыл бұрын (1980) Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы Бекболат Жұматайұлы ҚОЛЫМБАЕВ дүниеге келді.

Ақтау қаласында туған. Қазақ академиялық университетін «Құқықтану-заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2003-2004 жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы, 2004 жылы Маңғыстау облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы, 2004-2009 жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы, 2009-2017 жыллдары Маңғыстау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Әділет министрлігі Құқықтық түсіндіру, заң қызметтері және лицензиялау басқармасының басшысы, Тіркеу қызметі және заң қызметі департаменті директорының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.

Бегман Бақытұлы КӨЛБАЕВ
Фото: cis.minsk.by

42 жыл бұрын (1982) «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚҚСҒЗЖИ) бас директоры Бегман Бақытұлы КӨЛБАЕВ дүниеге келді.

«Болашақ» университетін «құрылысшы» мамандығымен, Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығымен, «Болашақ» университетін «есеп және аудит» мамандығымен тәмамдаған.

2003-2004 жылдары Қызылорда облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы, 2004-2009 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппаратының жетекші маманы, бөлім басшысы, 2009-2011 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2011-2012 жылдары Қызылорда облыстық әкімі аппарат басшысының орынбасары, 2012-2013 жылдары Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болған. 2013- 2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде еңбек еткен. 2015-2017 жылдары «ҚҚСҒЗЖИ» АҚ бас инженері болған.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың қыркүйегінен.

Ілияс Есенберлин
Фото: wikipedia.org

109 жыл бұрын (1915-1983) қазақтың талантты жазушысы, қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі, әйгілі «Көшпенділер», «Алтын орда» трилогиясының және бірқатар романдардың авторы Ілияс Есенберлин дүниеге келген.

Ақмола облысында туған. Қазақ тау-кен институтын бітірген, инженер. Еңбек жолы: Жезқазған рудниктерінде инженер, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушысы; 1942-1947 жылдар аралығында Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы; 1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры; 1953-1954 жылдары ҚР Геология министрлігінде аға инспектор; 1954-1955 жылдары Берсүгір шахта басқармасының (Ақтөбе облысы) бастығы; 1955-1957 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы; 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий редколлегиясының мүшесі; 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасының директоры; 1971-1975 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы болып қызмет атқарады.

Алғашында ақын ретінде танылған оның шығармалары 1940 жылдан бастап жарық көре бастайды. 1945 жылы «Сұлтан», «Айша» дастандары, «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949), «Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандары жарияланды. 1960 жылдары проза жанрына қалам тарта бастады. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965), орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) атты повестері жарық көрді. «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары, «Көшпенділер» трилогиясы (1976), Алтын Орда трилогиясы (1982-1983), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983), «Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының он томдық жинағы (1984-1990) жарияланды.

Атбасар қаласындағы мектепке, Алматыдағы бір көшеге І. Есенберлин есімі берілген.

 Фуат Шәкірұлы МАНСҰРОВ
Фото:wikipedia.org

 

96 жыл бұрын (1928-2010) дирижер, Қазақстанның, Ресейдің және Татарстанның халық әртісі, Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фуат Шәкірұлы МАНСҰРОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы, Мәскеу консерваторияларын бітірген.

Қазақ академиялық опера және балет театрының, Қазақ радиосы симфониялық оркестрінің дирижері болған. 1958 жылдан Қазақ симфониялық оркестрінің, Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері болып, П.Чайковскийдің «Евгений Онегин», М.Төлебаевтың «Біржан - Сара», А.Жұбанов пен С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», т.б. опералық спектакльдерге жетекшілік еткен. 1968 жылдан Татардың опера және балет театрында, Мәскеудегі Үлкен театрда, Қазан филармониясы мемлекеттік симфониялық оркестрінде бас дирижер әрі көркемдік жетекші қызметін атқарған.

«Достық», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар