10 қаңтарда көкшетаулықтар автобуста тегін қатынайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттарға сайлау өтетін 10 қаңтар күні Ақмола облысы Көкшетау қаласының тұрғындары қоғамдық көлікте тегін қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 9-нан бастап Көкшетау қаласында «Сарырқа шағынауданы - 20-шы мектеп» бағытымен перзентхана арқылы №23 автобус маршруты жолға шығады. Қала тұрғындары смартфондағы «INFOBUS» қосымшасы арқылы қалаішілік автобустардың маршруттарын бақылай алады.
«Сонымен бірге, қалалық автобус парктерінің басшылары Талдықорған қаласындағы әріптестерінің бастамасын қолдап, сайлау күні жолаушыларды тегін тасымалдауға шешім қабылдады. Осыған байланысты 10 қаңтар күні Көкшетау қаласындағы автобустарда тұрғындар тегін жүретін болады», - деді ведомстводан.