10 қараша күні Қазақстан өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10 қараша күні Қазақстан өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

9.45-те Radisson Hotel Astana қонақ үйінде «Asia Grains&Oils Conference in Qazaqstan 2022» халықаралық конференциясы өтеді. Онда Орталық Азияның дәнді және майлы дақылдар нарығының ең ірі қатысушылары – экспорттаушылар, өңдеушілер, инвесторлар, логистиктер, талдаушылар, заңгерлер кездеседі.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

11.00-де «Avenue» бизнес орталығында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Онда мемлекеттік кірістер органдарының келісім комиссиясының жұмысы қаралады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан ауыл әйелдерінің V республикалық форумы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы «Ататүрік жадымызда» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.

19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Жетісу ән-күй мұрасы» концертін өткізеді.

19.00-де Қазақстан Орталық концерт залында «Ne prosto orchestra» ұжымы «Наруто» мен «Аватар» саундтректерінен концерт ұсынады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» музыкалық-поэтикалық қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Сәкен сұңқар» тарихи драмасы қойылады.


Фото: pixel-shot.com