10 қарашада еліміздің басым бөлігінде аздаған қар жауады - ауа райы болжамы

ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - 10 қарашада еліміздің басым бөлігінде аздаған қар түседі, ал оңтүстік өңірлерде тұман болады. Батыс өңірлер белсенді циклонның ықпалында болып, мұнда ара-тұра жел тұрып, көктайғақ болады,

10 қарашада еліміздің басым бөлігінде аздаған қар жауады - ауа райы болжамы

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында боран соғуы ықтимал. Сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының жекелеген аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтөбе облысында көктайғақ, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде. Қызылорда, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман түсіп, күндіз Оңтүстік Қазақстанда секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Алдағы тәуліктерде Қазақстанның бірқатар су қоймаларында мұз қата бастайды.