10 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

10 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

9.00-де «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша «Экономикалық талдау және монополияға қарсы тергеп-тексерулердегі комплаенс-бағдарламалардың рөлі» тақырыбында жыл сайынғы конференция өтеді.

9.30-да ЭКСПО аумағындағы Конгресс-орталықта трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы Конвенция Тараптары Кеңесінің сегізінші сессиясы өтеді.

10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін»  тақырыбында  Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ірі мұнай жобалары: отандық  мұнай кәсібінің мүмкіншіліктері мен сын-тегеуріндері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров партияның «Мектеп асханалары» жобасы аясында елорда мектептерін аралайды.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі қоғам қайраткері Тұрсынбек Өмірзақовтың «Хроники атакующего депутата» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Оқушылар сарайында Алматы қаласының Білім беру басқармасы, Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіру аясында Алматы қаласының педагогикалық қызметкерлері арасында «Адал Ұстаз »қалалық байқауын өткізеді.

10.00-де Алматы Менеджмент Университетінде «Жастар бастамалары, азаматтық қоғам, еріктілік» Достастығының жас көшбасшыларының форумы өтеді.

11.00-де «Сұңқар» құс тәлімбағында «Эфес Қазақстан» компаниясының «Өз үлесіңді қос! Табиғатты қорға!» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жобасы аясында бүркіттердің жас ұрпағын жабайы табиғатқа жіберу рәсімі өтеді.

11.00-де Алматы қаласының «Байқоңыр» метро станциясында «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» + «Наркобекет» жобасы аясында нашақорлыққа қарсы күрес және жұмысқа орналастыру бойынша таныс өткізіледі.

11.30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласының бюджетін орындау туралы»  баспасөз мәслихаты өтеді.