10 қазан күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, солтүстікте түнде кей жерлерде аздаған жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, желдің күшейуі күтіледі, тек республиканың солтүстік-батыс бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

10 қазан күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл байқалады. Атырау облысының кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.