10 қазанда бірнеше өңірде тұман түсіп, өрт қаупі күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 10 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жететінін ескертті. Сондай-ақ бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті.

10 қазанда бірнеше өңірде тұман түсіп, өрт қаупі күшейеді
Фото: Kazinform/ЖИ

Атырау облысында түнде және таңертең өңірдің батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Атырау қаласында да түнде және таңертең тұман түсіп, өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Түнде облыстың шығысында жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазған қаласында да өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Абай облысында түнде және таңертең шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Өңірдің орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Ақтау қаласында да түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстік-батысында, ал күндіз оңтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталса, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше деңгейде болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Қазақстанда алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында мол жауын-шашын түсіп, ауа температурасы +28 градусқа дейін жылынады. Одан кейін күн қайта суытады.

Бұған дейін «Қазгидромет» 12 қазанда бірқатар өңірде жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жауын-шашын күтілетінін хабарлады. Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман түсетіні белгілі болды.