10 күнде 8 операцияға түскен 18 жасар футболшы ойнауды тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның дортмундық «Боруссия» командасының 18 жасар футболшысы Дарио Скудери өзінің футболдағы карьерасын тоқтатқанын мәлім етті. Бұл туралы Abola-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлайды.
Оның ойынды тоқтатуына себеп болып отырған мәселе -денсаулық жағдайы. 14 қыркүйек күні Еуропа Лигасының жасөспірімдер матчында польшалық «Легия» командасымен болған кездесуде Скудери аяғынан ауыр жарақат алып қалды. Оған 10 күн ішінде 8 операция жасалды.
Қараша айының соңында 2016 жылғы Олимпиадының күміс жүлдегері атанған 19 жасар ресейлік гимнастшы Яна Кудрявцева да жарақатына байланысты спорттағы карьерасын тоқтатты. Жарақат алған аяғының салдарынан оның сау аяғы да сыр бере бастады. Осыған байланысты спортшы өзінің карьерасын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.