10 мамыр күні Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 10 мамыр, бейсенбі күні, Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.
None
None

Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда Палатаның талқысына шығарылатыны көзделуде.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Асхат Бекенов қосымша баяндама жасайды деп күтілуде.

Сонымен қатар жалпы отырыста  Үкіметтен келіп түскен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы», «Кеден одағының сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралады. Заң жобалары Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілмек.

Соңғы жаңалықтар