10 мамырда Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 10 мамыр күні Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

10 мамырда Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

10 мамырда Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.