10 мамырда ОПЕК мұнайы барреліне $40,2 дейін арзандады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОПЕК (OPEC Reference Basket of crudes) мұнай «себетінің» бағасы сейсенбі, 10 мамырда, 0,56 долларға немесе 1,37%-ға, өткен күндегі сауда-саттық кезіндегі 40,76 доллардан барреліне 40,2 долларға арзандады, делінген ұйым хабарламасында.
Мамырда барреліне орташа баға 40,94 доллар, ал 2016 жылы - 32,74 доллар деңгейінде.
2015 жылы ОПЕК мұнай «себетінің» орташа бағасы барреліне 49,49 долларды, 2014 жылы - 96,29 долларды құрады. 2014 жылы қыркүйекте барреліне 95,98 долларды құрап, ол жүз доллардан төменге түсіп кетті.
РИА Новости атап өткендей, 2013 жылы «себет» орташа барреліне 105,87 доллар, 2012 жылы - 109,45 доллар, 2011 жылы - 107,46 доллар, 2010 жылы - 77,45 долларды құрады. «Себет» бағасының рекорды 2008 жылғы 3 шілдеде орнатылды, онда барреліне 140,73 доллар болды.
ОПЕК «себетінің» бағасы картель елдер өндіретін келесі мұнай сұрыптарының орташа бағасы ретінде айқындалады: Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд Арабиясы), Murban (БАӘ) және Merey (Венесуэла).