10 маусым күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Кызылорда облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с артады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай, дауыл болжанады. Бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қостанай облысының жекелеген аумақтарын тұман басады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші - 15-20 м/с.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұруы ықтимал. Желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.