10 маусымға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 10 маусым күні республиканың солтүстігі мен батысында ауа райы тұрақсыздығы сақталады, кейбір аймақтарда жауын-шашын болып, жел күшейеді. Ал басқа өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

10 маусымға арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстанда желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады. Қарағанды облысында түнде ауа райы минус 0-3 градусқа дейін салқындайды. Күндіз Атырау облысында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.